Елордада «Nur Otan» партиясы бюросының мәжілісі өтті

05 наурыз, 17:27

Фото: twitter.com

Елордада Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті.

Алматы, NEGE. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды. 

Мәжілісте Бюро мүшелері партияның 18 наурызда өтетін Саяси кеңесінің күн тәртібін талқылаған.

«Бюро отырысында ішкі партиялық іріктеудің елдің барлық өңірлерінде биыл 30 наурыз бен 16 мамыр аралығында жаңа форматта - праймериз өткізу жөнінде шешім қабылданды», - деді Үкібай.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации