«Елбасының амандығын әкімдер біледі»

04 сәуір, 11:42

Фото: nege.kz

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады.

«Кеше Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы аймақ басшыларымен сөйлесті. Әрине, ең алдымен төтенше жағдай кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы сөз болды. Қатаң карантин кезінде Елбасының жұмыс кабинетіне кіру шектелетінін ескеру қажет. Шектеулерге қарамастан, баспасөз қызметі Тұңғыш президенттің жұмысымен халықты дер кезінде құлақтандыруға тырысып жүр.

Біз ешқашан алыпқашпа сөзге түсініктеме берген емеспіз. Алайда соңғы кезде кейбір адамдар Елбасының денсаулығына қатысты жалған ақпарат тарату арқылы елдегі тұрақтылықты шайқауғы тырысып жүр. Мұның бәрі – жалған және арандату. Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы, карантин кезінде де ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр. Егер кімде-кімнің күмәні болса, кеше ғана Елбасы сөйлескен әкімдерден сұрауына болады. Шектеулердің бәрі алынған соң Тұңғыш президент өткізген жұмыс барысындағы кездесулерден видеожазба жариялауға уәде беремін».

Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде осындай «жүрекжарды» жазба жариялады. Кеше Елбасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерімен телефон арқылы сөйлесіпті. Мұны да хатшының жазбасынан білдік.

Сонда Тұңғыш президенттің амандығын Алтай Көлгіновтен, Бақытжан Сағынтаевтан немесе Мұрат Әйтеновтен сұрауымыз керек пе?!

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации