Елбасы Путинмен кездесті

11 наурыз, 11:13

Фото: elbasy.kz

Кездесуде Елбасы Ресей барлық сала бойынша Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Алматы. NEGE. Әңгіме барысында тараптар ЕАЭО аясындағы серіктестік мәселелерін талқылады.

– Интеграциялық бірлестік жұмыс істеп жатыр және оның болашағы зор деп санаймын. Құрметті Төраға ретінде мен одақтың одан әрі дамуына өз үлесімді қосамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі ел арасындағы қатынастар тату көршілік пен одақтастық рухында және қағидаттарына сәйкес дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентінің интеграциялық процестерді дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

– Біз саяси диалогты жалғастырып келеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесіп отырамыз. Біздің елдеріміздің үкіметтері қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда 19,7 пайызға артып, 20 миллиард долларға жетті. Бұл жақсы көрсеткіш, - деді Ресей Президенті.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, әлемдік көмірсутегі нарығындағы ахуал туралы пікір алмасты.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации