«Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды» news video

01 тамыз, 21:24

Бірқатар ақпарат көздері Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті күдікті ретінде ұстағанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бейсенбі күні Денсаулық сақтау министрлігінде бірқатар ауыс-түйіс болды. Вице-министр Олжас Әбішевтің қызметінен кеткені хабарланған.

Бүгін YEDILOV ONLINE Телеграм каналында арнайы қызмет өкілдерінің әлдекімді ұстап әкетіп бара жатқан видеосы жарияланды. Еділовтің пайымдауынша, ұсталған адам – Олжас Әбішев. Ақпарат көзінің айтуынша, оған «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылған.

Бұл іске қатысты Nege.kz порталы Қаржы министрігінің Экономикалық тергеу комитетіне арнайы ресми сауал жолдайды.    

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации