Челахтың қайтыс болғаны рас па?

06 наурыз, 15:41

Фото: Караван, Тахир Сасыков

Челахтың өзін-өзі өлтіргені туралы қауесет тараған болатын.

Алматы, NEGE. Ол туралы тараған ақпаратта «Қара бүркітте» қазір жазаны оның егізі өтеп жатқаны айтылған.

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өмір бойына сотталған Владислав Челах қайтыс болды деген қауесетке түсініктеме берді. 

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Сотталған Челах тірі, дені сау. Ол бұрынғыдай төтенше қауіпсіздік мекемесінде отыр. Денсаулығына байланысты шағым түсірген жоқ», - деді ведомство. 

«Караван» тілшісі Челахтың бүкіл отбасымен Калининградқа көшіп кеткен анасымен хабарласқан. 

Влад бізге ештеңе айтпайды, - деді анасы Светлана Ващенко. – Оның жалғыз сөзі – ол ешкімді өлтірмеген. Бірақ кімдердің қатысы болуы мүмкін екенін айтпайды. Тіпті, ымдап та айтпайды. Кездесуде бізге бұл туралы сөйлесуге рұқсат жоқ. Бар әңгімеміз тек отбасы мен туыстар туралы ғана. Бөтен сұрақтар қойылмауы керек.

Ал сотталушының атасы Владимир Челах Tengrinews.kz агенттігіне немересінің өлімі жайлы ақпараттың бұған дейін бірнеше рет тарағанын айтқан.

«Біз оған 15 наурызда барамыз. Бүгін ол хабарласуы керек. Оның бәрі далбаса әңгіме (Челахтың өлімі туралы). Ол туралы әңгіме бірнеше рет болған», - дейді Владимир Челах. 

Владимир Челахтың айтуынша, олар Владиславпен жылына төрт рет екі сағаттан кездеседі екен. 

«Әрине, ол туралы (Челахтың өлімі туралы) бізге хабар беруші еді ғой. Ол жұма күні әкесімен сөйлескен. Барлығы жақсы екенін айтқан. Денсаулығы да жақсы», - дейді Челахтың атасы. 

2012 жылдың жазында 15 шекарашы қызмет еткен "Арқанкерген" уақытша шекара бекетінде қанды қырғын болды. Казарма ғимараты өртеніп, 14 адамның мәйіті табылған. Таяу жерде орналасқан аңшылар үйінен егерьдің денесі табылды. Бірнеше күннен кейін шекарашылардың ішінде аман қалған жалғыз адам – ​​19 жастағы қатардағы қызметкер Челах ұсталды.

Бастапқыда қылмысты мойындаған ол кейінірек өзі берген куәлардан бас тартты.

2012 жылдың 11 желтоқсанында Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации