Берік Уәли: Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі Президенттің тұрақты бақылауында

11 наурыз, 18:42

Фото: ғаламтордан

Қытайда сотталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды елімізге қайтару мәселесі бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында тағы да талқыланып жатыр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук әлеуметтік желісінде хабарлады. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев жақында елімізге сапармен келген Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі Ян Цзечимен әңгімелесу барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтергенін айта кеткен жөн», - деп жазды Берік Уәли. 

Қазақстан Президенті былтырғы қыркүйек айында Бейжіңге жасаған сапарында ҚХР басшылығын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарап, оны Қазақстанға қайтару мәселесіне ықпал етуге шақырды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарына қытайлық әріптестерімен өзара іс-қимылдарды жалғастыруды тапсырды. Бұл іс Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации