Белсенділер Қытайдан азық-түлік тасымалына қатысты Тоқаевқа хат жазды

06 наурыз, 13:45

Фото: Асылхан Мамашұлы

Олар биліктен Қазақстан-Қытай шекарасын жабуды, Қытаймен шекарада жүк көліктерін өткізбеуге, Қытайдан немесе Қытай арқылы азық-түлік, жеміс-жидек, көкөніс тасымалдауға тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды Аzattyq тілшісі. 

Алматы, NEGE. Хат президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталған.

«Хатта Алматы қаласы әкіміне қатысты да талаптар бар. Әкім президенттің өкілі болғандықтан соның қолына табыс етеміз. Сағынтаевтан жауап күтеміз. 13 наурызда осында тағы келеміз», - деді қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы.

Хатта дәріханалардағы медициналық маска тапшылығы мәселесін шешу, коронавирусқа байланысты БАҚ арқылы толық ақпарат беру, сақтану шараларын түсіндіру, бюджеттен жұмсалған қаржы, атқарылған шаралар туралы анық әрі ашық есеп беру туралы талаптар да бар.

Белсенділерді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмар қабылдады. Бірақ оған ақпарат құралдарын қатыстыртпады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации