Бекшин: 11-16 наурызда Қазақстанда коронавирус анықталуы мүмкін

10 наурыз, 17:09

Фото: ОКҚ

Денсаулық сақтау министрлігінің болжамдары мен математикалық модельдеріне сәйкес, алдағы 2-3 күнде Қазақстанда коронавирус анықталуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай жағдайға арналған Б жоспары бар. Оқу орындары жабылып, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады, науқастар мен байланыста болғандарды мәжбүрлі оқшаулау талаптары жүзеге асырылады.

- Біздің болжамымыз бойынша, шамамен 11-16 наурызда елде коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл тек болжам, ол расталмауы да мүмкін, - деді ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Биылғы жылдың 6 қаңтарынан бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтудің төрт кезеңі жүзеге асырылды, шекараларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, коронавирус таралған елдермен әуе қатынасы шектеліп, тоқтатылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации