Алматыда митингке шыққан белсенділер ұсталды (фото)

01 наурыз, 14:44

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Бүгін белсенді топтар алаңға шығып, митинг өткіземіз деген хабар тараған болатын.

Алматы,NEGE.  Сол себепті орталықтағы алаңдар мен көшелер жабылып, интернет байланысы нашарлады. 

Митинг өтеді деген жерлерден жаяу жүргіншілердің жүруіне де тыйым салынды.

Бұған дейін оппозициялық ұйымдар тергеу абақтысында қайтыс болған Дулат Ағаділдің өлімінен кейін 1наурыз қала әкімдіктерінің алдында шеруге шығамыз деп мәлімдеген болатын. 

Сол себепті таңертеңнен бастап күзет қызметі күшейтілген. Шеру өтеді деген жерлерге барған журналистерді қатаң тексерістен өткізді.

Күдікке ілінгендердің барлығын полиция машинасына салып алып кетіп жатты. Олардың арасында белсенділер мен журналистер де бар.

Тәуелсіздік алаңына баратын барлық жолдар жабылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері өз ісімен жүрген тұрғындарға заңсыз митинг өткізіледі деген жерді босатуларын сұрап, таратып жатты.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации