Алматыда Макс Боқаев пен Арон Атабекке бостандық сұрап алаңға шықты

22 наурыз, 17:38

Фото: Nege.kz

Карантинге жабылған қалада Наурыз тойы тойланбақ түгілі адам қарасы аз.

Алматы,NEGE. Бүгін Алматы қаласының орталық алаңдарын бақылауға тілшіміз шыққан болатын. Наурызда абыр-сабырмен той тойлап жататын қалада тыныштық орнаған. Көшеде бірен-саран адамды ғана кезіктіруге болады.

Дегенмен, қалада карантин жарияланғанына қарамастан жалғыз адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Макс Боқаев пен Арон Атабекке бостандық сұрап алаңға шығыпты.

 

"Қазақстандық және шетелдік құқық қорғау құрылымдары, халықаралық институттар Макс Боқаев пен Арон Атабекті саяси тұтқын деп мойындады. Сол себепті мен оларға бостандық берілсін деп талап етемін", - дейді белсенді.

Пикеттің заңсыз екенін ескертетін прокурорды да, полицейлерді де байқамадық.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации