Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға келуі мүмкін бе?

11 наурыз, 14:31

Фото: ғаламтордан

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қашан оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.

Алматы. NEGE. «Бізде ҚХР-мен келісімшарт бар. Қазір процесс жүріп жатыр, бірақ үкім күшіне енген жоқ, себебі екінші тарап шағым түсірді. Ол үкім күшіне енген соң Ақжарқын уәкілетті органдарға өтініш жазса, біз Қытайдың уәкілетті органдарымен жазасын бізде өтеу мәселесін талқылаймыз», - деді Марат Ахметжанов.

«ҚХР сотының соңғы шешімі шыққанда үкім заңды күшіне енуі қажет. Егер ол қылмыс жасаған болса, ол қылмыс біздің елде де қылмыс болып саналса, Ақжарқынды қалған жазасын елде өтеуі үшін келіссөздер жүргіземіз», - деді Ахметжанов.

Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации