Аграрлық несие корпорациясының экс-басшысы қамауға алынды

03 наурыз, 17:38

Фото: kazakh-tv.kz

Нұр-Сұлтанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ экс-басшысы Нармұхан Сарыбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Қазіргі уақытта Сарыбаев Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Сот оған қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп хабарлады сейсенбіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.

Хабарда айтылғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік компаниялардың банк депозиттеріне миллиардтаған бюджет қаражатын негізсіз орналастыру фактісін тексеріп жатыр

«Көрсетілген қаражаттар нақты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін бөлінген. Алайда квазимемлекеттік сектор оларды мақсаты бойынша қолданудың орнына депозиттік шоттарға орналастыру арқылы минималды пассивтік кіріс алып отырған», - деді агенттіктен.

Хабарда атап өтілгендей, квазимемлекеттік сектордың жекелеген лауазымды тұлғалары осы жағдайды жеке пайда табу үшін заңсыз пайдаланып отырғаны тергеуде анықталды.

«Яғни 2017-2018 жылдары Ауылшаруашылығы министрлігі «Аграрлық несие корпорация» АҚ Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың басшылығымен банктің депозиттік салымына 5,3 млрд теңге сомасында ақшалай қаражат орналастырылған», - деді сыбайлас жемқорлық қызметінен.

Тергеу ақпарынша, «Сарыбаев жүйелі түрде және бірнеше траншпен келісім агенті ретінде шығып, депозитті тартқаны үшін 53,5 млн теңге мөлшерінде банк сыйақысын алған жеке тұлғадан 11 млн теңге көлемінде пара алған».

«2019 жылы Н. Сарыбаев «Оңтүстік аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы болып сайланғаннан кейін (құрылтайшысы Түркістан облысының әкімдігі) осыған ұқсас сызбамен екінші деңгейлі банктің депозиттік шотына 1 млрд теңге орналастырған. Ол үшін жүйелі түрде 1,5 млн теңге көлемінде пара алған», - деді агенттіктен.

Ведомство атап өткендей, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін субсидиялағаны үшін пара алу деректері, сонымен қатар басқа да адамдардың қатыстылығы тексерілуде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации