Дулат Ағаділдің өліміне қатысты алматылық белсенділер полиция департаментіне келді

25 ақпан, 18:04

Фото: HOLA News

Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты Алматыда полиция департаменті алдына бір топ белсенділер жиналды, деп хабарлайды Hola News.

Алматы. NEGE. Олар Ішкі істер министрлігі басшысының отставкаға кетуін және тұтастай алғанда елдегі проблемаларды шеше алмайтын биліктің ауысуын талап етуде.

Осыған дейін, Нұр-Сұлтанда елуге жуық белсенді Полиция департаментінің алдына келіп, тергеу изоляторында қайтыс болған Ағаділдің қазасына қатысты толық ақпарат беруді талап еткен еді.

Алматылық белсенділер де Дулат Ағаділдің жүрек талмасынан қайтыс болғанына сенбейтінін айтуда. Сонымен қатар, олар елде аза тұту керек деп санайды.

Еске сала кетейік, бүгін таңертен полиция белсенді Дулат Ағаділдің «Нұр-Сұлтан» қаласының тергеу изоляторында қайтыс болғанын хабарлады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации