Әблязовтың сыбайласын Қазақстанға алып келді

05 наурыз, 10:33

Фото: kabar.kg

Біріккен Араб Әмірліктерінен  БТА Банкінің бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады.

Алматы, NEGE. Рүстем Ибрагимов БТА Банкінің 250 млн АҚШ доллары қаражатын Мұхтар Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшін іздеуде болған.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол, БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған.

Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен жоғарыда аталған төлқұжат заңсыз деп танылып, қылмыскер ұсталып Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации