Әбдіқалықова Қызылорда облысына әкім болып тағайындалды

28 наурыз, 10:50

Фото: kapital.kz

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гүлшара Әбдіқалықованы Қызылорда облысының әкімі етіп тағайындау жөніндегі жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Қуанышбек Ысқақовты қызметінен босатты.

Кеше әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы хабар тараған. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл туралы әлі ресми хабарлаған жоқ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации