Тоғжанов той өткізбеуге шақырды

12 наурыз, 13:09

Фото: nege.kz

Вице-премьер Ералы Тоғжанов елде енгізіліп жатқан шараларға қатысты сөз еткенде қазақтың тойы туралы айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қандай шектеулер болады? Той өткізуге тыйым салына ма?» деген тілшінің сұрағына Тоғжанов: «Қазір бұл - жиі талқыланып жүрген мәселенің бірі. Той өткізушілер жақсылап ойлануы керек. Өйткені бұл адам көп жианалатын жер. Той әр отбасы үшін маңызды екені белгілі. Шақырған соң, адамдар тойға барғысы келеді. Алайда той жасайтын адам өз қауіпсіздігімен қоса, туған-туыстарын, жақындарын да ойласын. Қазақстан азаматтарын жиын-тойларға байланысты жақсылап ойлануды тағы да сұраймыз», – деп жауап берді.   

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации