Шұғыл! Алматыда екі адамнан коронавирус анықталды

13 наурыз, 14:45

Фото: podrobnosti.ua

Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин «11-16 наурызда анықталуы мүмкін» деген.

Коронавирус жұқтырған Қазақстанның екі азаматтың бірі 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген. Олар туралы Біртанов ештеңе айтпады. Өйткені ол жеке мәлімет болып саналады. Бір анығы, олардың бірі ер адам, екіншісі – әйел.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации