Бас тақырып

01.03.20 Кешірім құны һәм тәуба таразысы

Байқасаңыздар, қазір бізде кешірім сұраушылар көбейді. Күні кеше денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған кемеде болғандармен бірге Токиодан ұшып келген жолаушылардан кешірім сұрады. Онда да келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініпті. Яғни шенеуніктер біреудің денсаулығына, қала берді қу жанына төнген қауіп-қатерді әншейін қолайсыздық сияқты бағалаған. 

01.03.20 Ассамблеяға рақмет!

Карикатурист Ғалым Смағұлдың бірер минутта иректете салған суретінің мағынасын түсіну үшін кейде бір күн ойлануға тура келеді. Мәселен, мына дүниесі нені меңзеп тұр деп ойлайсыз?

28.02.20 «Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мамунов ұсталды»

«Кеше Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері құрықтаған» деп хабарлады ақпарат көзі.

27.02.20 Нұр-Сұлтанның қақ ортасынан алып динозаврдың қаңқасы табылды!

Nege.kz порталы Нұр-Сұлтанның қақ ортасынан біздің заманымызға дейінгі пәленбайыншы мыңжылдықта өмір сүрген алып «динозаврдың» қаңқасын тапты.

24.02.20 Абаевтың орынбасары «құмар ойынға» жақын ба?

«Вице-министрге лотерея ойнауға бола ма?» немесе «Лотерея құмар ойынға жата ма?» деген риторикалық сұрақтар сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ мемлекеттік қызметкердің этикасын қолданыстан ешкім алып тастай қойған жоқ. Ал енді этика дегенді әркім өз деңгейінде түсінсе керек...

21.02.20 «Қазақ фашизмі» бар ма?

Қордай оқиғасынан кейін ел ішінде күбір-күбір әңгіме көбейді. Ақпарат құралдары да бірінен кейін бірі үрей туғызатын материалдарды жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптатты. Ғаламторда өзін «сарапшы» деп жариялап алған адамдардың еліміздегі ахуалды талқылаған бейнежазбалары өріп жүр. 

20.02.20 Қашқын сарбаз ұсталды

Түркістан облысының Ордабасы ауданы Бадам елдімекені жанындағы 10 216 әскери бөлімінен 30 автомат, 27 пистолет алып, қашқан сарбаз Бадам елдімекенінің диірмені жанында ұсталған

20.02.20 Дубай EXPO-2020: Сұлтановтан жауапты әзер сұрап алдық

Кім біледі, қарапайым халықтың есебінен Дубайдағы «Бурдж әл-Араб» қонақ үйінің түндігі 28 мың долларлық аппартаментінде шалқайып жатқысы келетін «шейхтар» біздің делегация ішінен шығуы да мүмкін ғой.