Бас тақырып

10.04.20 Шынымен «Біргеміз» бе?

Коронавирус індетімен күреске және төтенше жағдай кезінде қысылған елге көмек қолын созу мақсатында Елбасының «Birgemiz» деп аталатын қорына қазақстандық миллиардерлер мен алпауыт компаниялар, бизнесмендер және өндіріс орындары қаржы аударып жатқаны белгілі. Қордың birgemiz2020.kz сайтындағы  дерек бойынша 14 млрд 485 млн теңге түскені туралы жазылған.

09.04.20 «Күнделіктің» жыры қашан бітеді?

«Үй тапсырмасын беруің – жүз пайыз, тақырып толтыруың – жүз пайыз, сабақты бағалауың – жүз пайыз, барлығы жүз пайыз болуы керек. Кейбір мұғалімдер толық орындамаса да, кейде жүз пайыз көрсететін қателіктері бар. Жүйе дұрыс емес», – дейді мұғалімдер.

08.04.20 Дәрігер тиісті үстемақыны да алмай ма?

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі енгізілген кезде облыс аумағында тұратын медицина қызметкерлері біраз қиындыққа тап болған. Кейбір ауруханалар мамандарын жатын орынмен қамти алмағандықтан пәтер іздеп кеткені көп. Бұл мәселеге ақпарат құралдары, соның ішінде Nege.kz тілшілері араласып, жатақханадан орын беріліп, шешімін тапқанын да айта кету керек. 

06.04.20 Баға бас бермей барады

Бүгін Алматы облысында нан бағасы 10 теңге қымбаттады. Ұн бағасы шарықтап, 10 мың теңгеден асып жығылған сәтте, бұл үшін наубайхана иелерін жазғыру орынсыз. Дүкендерге барлық азық-түлік бағалары 5-10 пайызға қымбат келіп жатыр. Баға бірден шарықтамағанымен, карантин созылған сайын осындай жорға жүріспен-ақ біраз жерге баратыны анық.

05.04.20 Коронавирус туралы 7 сұрақтың жауабы

Коронавирусқа қатысты деректің көптігінен қазір бас айналады. Олардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін айырудың өзі қиын. Nege.kz Covid-19 індеті туралы күні бүгінге дейін белгілі болған деректерді сараптап, маңызды деп тапқандарын назарыңызға ұсынады. Бір қажетіңізге жарар деген үміттеміз.

02.04.20 Ұшты, ұшты, Төраға ұшты!..

Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаевқа қатысты мәселенің шоғы әлі басылған жоқ. Естеріңізде болса, сот төрағасының жеке ұшақпен Еуропаға жасаған «саяхаты» жөнінде алғашқылардың бірі болып Nege.kz порталы жазған.

31.03.20 Covid-19: Ауылдың хәлі нешік?

Карантиннің қатаң талаптары журналистердің де аяғына тұсау салды. Қазір БАҚ өкілдері көппен бірге қалада «қамалып» отыр. Ал ауылдың жағдайы қалай? Азық-түлік қаншаға қымбаттады? Індеттің алдын алу үшін не істелініп жатыр? Әкімдік халықтың мұң-мұқтажын ұмытып кеткен жоқ па? Алматы карантинге жабылғанда кордонның сыртында қалған «Nege.kz» тілшісі кеше Талғар ауданының Қызылқайрат ауылын аралап шыққан еді.

31.03.20 Індет әлемді өзгерте ме?

Әлемде не көп, сарапшы көп. Экономикадан бастап, медицинаға дейін. Батыс сарапшыларының дені бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай: «Бұдан кейін әлем түбегейлі өзгереді» деген сөзді жиі айта бастады. Бұл болжамға сенсек, бұдан былай денсаулық сақтау жүйесі, бизнес ландшафт және ойын ережелері мүлде басқаша құрылмақ. Бір сөзбен айтқанда, әлем адам танымастай өзгереді екен. Бұған көз түгіл, арнайы құралдармен әзер көрінетін вирус себепкер болмақ.