Бас тақырып

01.05.20 Коронавируспен қытайша күрес

Шаш ал десе, бас алып жатқан полицейлер бар. Есігінің алдында отырған адамдарға бас салып сүйрелеп жүргендері, тіпті, дүкеннен нан алып келе жатқан отағасының қолың қайырып, құдды бір терроршыны ұстағандай, жерге аунатып жатқандары жайында әлеуметтік желілерде бейнеайғақтар өріп жүр.

27.04.20 Тоқаев: Заңға сәйкес, төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін мәлімдеме жасап, елдің экономикалық әл-ауқатына баға берді. Сондай-ақ, төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартқанын хабарлады. 

26.04.20 Түркістан облыстық азаматтық сот алқасының төрағасы ұсталды

Бүгін Түркістан облыстық азаматтық сот алқасының төрағасы Түгел Бекбайұлы Бекімбетов парамен ұсталды. Бұл туралы Nege.kz редакциясына тұрақты оқырманымыз хабарлады.

25.04.20 Карантин: Қамау мен айыппұлдың қайсысы тиімді?

Қазір әлемнің қаншама елінде төтенше жағдай енгізіліп, карантин режимімен өмір сүруде. Бұрын-соңды еркіндікте жүріп, төрт қабырғаға қамалмаған халық бұған да үйрене бастады. Себебі, індеттің таралмауын тек карантин ғана тежей алады. Алайда, карантиннің талаптарын сақтай алып жүрміз бе?

20.04.20 Карантин кезіндегі қамақ: «Жылымық» қайда?

Карантин кезінде оқыс тұтқындаулар жайында Nege.kz тілшісі саясаттың басы-қасында жүрген бірнеше адамның пікірін білді. 

19.04.20 Алматыдағы аурухана қашан пайдалануға беріледі?

Бүгін – сәуірдің 19-ы, аурухана құрылысының бітетін түрі жоқ. Nege.kz тілшісі жұмыс барысын қадағалап, суретке түсіріп келді. Байқауымызша, аурухана құрылысының ауы мен бауы түгел емес. Тіпті, құрылысшыларда да «Халық мұқтаж болып отырған аурухананы тезірек бітірейік» деген құлшыныстың ұшқыны білінбейді. Бәрі жайбарақат. 

17.04.20 Блок-постқа пысқырмайтын қай генералдың туыстары?news video

Кешелі бері әлеуметтік желіні әлдебір видео кезіп жүр. Алматыда аса қымбат бірнеше көлік төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысының пәрменімен қойылған блок-посттарға пысқырмай, облыс пен қаланың арасын шаңдатып жүр...

14.04.20 Министр Нұрымбетовтің бауыры не үшін ұсталды?

Өткен жексенбі күндері Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетовті ұстады. Ол «ірі көлемде пара алған» деген күдікке ілінген. Ең «қызығы» сол, Тимуржан Нұрымбетов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің туған бауыры екен.