Бас тақырып

14.12.19 Фариза Оспан: Қарақат Әбденнің кітабы әйелдердің құқығын шектейді

Нұр-Cұлтан қалалық мәслихатының депутаты Қарақат Әбденнің «Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!» атты кітабы екі тілде шыққанын, кітаптың шыға сала дау тудырғанын жазғанбыз.

14.12.19 Путин неден қорықты?

«Норманд» төрттігіне кіретін Ресей, Украина, Франция және Германия мемлекет басшыларының кездесуі не берді, тараптар қандай шешім шығарды, не тоқтамға келді? Бұл сауалдардың жауабы – біреу. Ешқандай. Қазіргі жағдайда басқаша болуы мүмкін де емес. Жауласушы тараптар бірін-бірі тыңдаудан қалғалы қашан. Путин мен Зеленскийдің бірін-бірі алғаш көріп, бір үстелдің басында отырды демесеңіз, баяғы жартас бір жартас күйі қалды. Орыс пен украин бір тілде сөйлеуді доғарды.

13.12.19 Тасмағамбетовті тергеуге шақыртты

Бүгін бір мезетте екі жаңалық елді елең еткізді. Екеуі де Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Нұрғалиұлына қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана LRT» қылмыстық ісі  бойынша Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Сұлтанбековке қатысты қызық жайт көп, ол туралы сәл кейінірек.

13.12.19 Google-2019: Адамдар не іздеді, не көрді?

Жаңа технологияның бір артықшылығы ақылды жад жүйесінің автоматтандырылғаны болса керек. Google корпорациясы жыл бойы интернет қолданушыларға аса қызық болған тақырыптар тізімін жариялады.

12.12.19 Қарақат Әбден қазақ қызына НЕГЕ шүйлікті?

Фариза Оспан әлдебір жолмен (GetContact арқылы болуы мүмкін) телефон соққан адамның нөмірін анықтаған. Феминист қызды қорқытқан кім болуы мүмкін? Ол – Президенттің күзет қызметінің 3-бөлім қызметкері-мыс...

12.12.19 Статилер Ләззат Қиыновтың қызына не үшін ақша берді?

Қазақстанның Әділет министрлігі әкелі-балалы Статилер ісіне қатысты жаңа талап-арызын жариялады. Және онда Анатол мен Габриэль Статилердің Қазақстаннан заңсыз ақша шығарғаны және оның бір бөлігін бірнеше елдегі беделді тұлғаларға пара беруге пайдаланғаны жөнінде айтылады. Статиден пара алған елдер тізімінде Қазақстан да бар.

12.12.19 Қыжыртпа. Мәжілістегі «патша өлді» ойыны

Біздің халық та қызық негізі, «Нұр-сұлтанда мәжілісмендер жабыла ойын ойнап жатыр екен» деген әңгіме осыдан екі-үш күн бұрын шыққан. Сосын жат та кеп интернетке үңілдік. Сөйтсек, ойын дейтін түгі жоқ, халық қалаулылары шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен «ақыл жарыстырыпты» ғой. Кейбір депутаттар әйгілі гроссмейстермен кәдімгідей тайталасқан көрінеді. Ойынның қорытындысына қарап отырып, парсы тіліндегі атауымен (патша – шах, өлді – мат) пайым қылсақ, қалаулылардың арасында «өлтіретін» ойынпаздар әлі көбейетін секілді.  

11.12.19 Ақылы тұрақтың әуресі

Ақылы тұрақ төңірегінде ақылға қонбайтын, жұмбақ көп. Бәлкім, «А-Паркинг» компаниясы өкілдері өздерінің қашан және қанша табыс табатынын айтуға қиналып отырғаны да тегін емес болар?