Бас тақырып

29.12.19 Қазақстан ішкі рейстерді қайтадан халықаралық сертификаттаудан өткізе ме?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Камалиев ел билігі ішкі рейстерден әуе көліктері халықаралық қауымдастығының (IOSA) қауіпсіздік жөніндегі аудиті мен міндетті сертификатынан өтуді қайтадан талап ететінін  мәлімдеді.

28.12.19 NEGE.KZ халықпен бірге...

Nege.kz порталының редакциясы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарына, барша қазақстандықтарға қайғырып көңіл айтады.

27.12.19 Құлаған ұшақ Ауғанстан мен Африкада қайдан жүр?  

Әуе ұшақтарының тарихын тізбелеп отыратын халықаралық ұйымдардың сайттарындағы мәліметтер бойынша, Bek Air  бұл ұшақты бірнеше мәрте жалға бергенін көруге болады.

26.12.19 «Дымқыл» іс

Өткен аптада «Время» газетінде және Nege.kz порталында әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте жаңадан салынуы тиіс болған нысандар туралы айтылды. ЖОО 2011-2012 жылдары жаңа екі жатақхана, медициналық орталық және инновациялық кластердің жобалау-сметалық құжатына тапсырыс берген. Ірі оқу орны осы мақсатқа 850 млн теңге шығындаған. Теңгенің сол кездегі бағамымен алсақ, бұл – алты миллион доллар.

25.12.19 «Дикий Арман» ҰҚК-нің жобасы ма?news video

Ресейлік CrimeTime каналы түсірген фильмде Арман Жұмагелдиевтің Қазақстанның арнайы қызметіне жұмыс істейтіні сөз болады. Саяси науқандар жақындағанда «Дикийдің» бұрынғыша белсеніп шыққаны да түрлі ойға жетелейді.

19.12.19 Өзі кетті ме, кетірді ме?

Кешегі ауыс-түйістер елді ерекше елең еткізді. Десе де, басты назар Иманғали Тасмағамбетовтің отставкасына ауғаны анық. Бүгін бұған қатысты тағы бір қызық дерек қылаң берді. 

19.12.19 Смета сиқыры: ҚазҰУ-дың 850 миллионы қайда?

Жеті жыл бұрын еліміздегі ең ірі жоғарғы оқу орнының нысандарын салу үшін 6 млн АҚШ доллары бөлінген. Ол нысандар неге салынбай қалды?

18.12.19 Көл түбінен күдікті іздеу операциясы

Қарасудың лайсаңы шенділердің біразының бетпердесін сыпыруы мүмкін. Сыбайлас жемқорлық деңгейін, элитамыз деп әспеттеп жүргендердің ішіндегі бітіспес кикілжіңдерді, жүйенің құрылысы мен қалай жұмыс істейтінін айқындап берді. Бүгін сағат үште Нұр-Cұлтан қаласындағы Байқоңыр аудандық сотында бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің атышулы ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталады.