Бас тақырып

24.01.20 Төрт президент бейнеленген картина сатылды ма?

«Пешканың» пайымымен ойлайтындар қартинаға қанша жерден қызықса да, «алдыңғылардан аттап кетпейік» дейтін тәрізді. Саясатта «аттай» желіп жүргендер бұл керемет дүниені өз үйіне қойғаннан гөрі, «пілдің» төріне ілгенді дұрыс көріп, соның жөнін таппай жүруі де ықтимал...

23.01.20 Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Мамин орнын сақтап қала ма?

Әлеуметтік-экономикалық дамудың жайы қалай? Тапсырмалар толық орындалды ма, жоқ па? Жалпы, Маминнің он бір айлық жұмысына қандай баға беруге болады? Ол премьерлікті сақтап қала ма?

22.01.20 Айсұлтан Рахат: Олар мені өлтіргісі келеді

Бірнеше минут бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Рахат (Aisultan Rakhat) Facebook парақшасы арқылы үндеу жасады. Ол былай деп жазды: «Мен кешірім сұраймын, 2019 жылдың 8 маусымынан бері фейсбукті қолдана алмадым. Оны менің шешем мен Әлнұр Мұсаев қолданды. Мен түрмелерде болдым және туыстарыммен арада көп мәселе туындады. Менің ойымша, атам Сіздерге бәрін айтып береді! Ата, біз жеңдік!».

22.01.20 Даяшыдан дөй бастыққа дейін...

Өмірбаянында Е.Оразбайдың университетті 2011 жылы бітіргені жазылған. Екінші дипломын 2016 жылы алған. Сонда оған дейін Е.Оразбайдың жоғарғы білімі болмаған ба? Әй, бірақ, даяшыға дипломның не қажеті бар?..

21.01.20 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қашқындардың қайда екенін білмейді

Nege.kz порталы Астана LRT ісіне байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа бірнеше сауал жолдаған. Төраға орынбасары Ш.Қабдуладан төмендегідей жауап келді.

17.01.20 Эксклюзив. Бақауовтың кімге қысым жасағаны белгілі болды

Бұл істе әлі сөз бола қоймаған тағы бір түйткіл бар. Әдетте мұндай іспен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысатын. Ал енді Бақауовты неге Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстады?

17.01.20 Күштік құрылым кімнің қолында?

Кеше «төбесінде тесігі бар» тісқаққан сарапшылардың өзі күтпеген бірқатар ауыс-түйіс жасалды. Ақорданың ресми сайты «борозда бұзбайтын» Қалмұханбет Қасымовтың Президенттің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылып, Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.

16.01.20 Көл түбінен күдікті іздеу кімге керек?

Бұрынғы вице-министрлер Ғ.Сәдібеков пен Б.Жақсалиевке қатысты Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан соттың бұлыңғыр әрі күмәнді тұстары өте көп. Жоғары лауазымды шенеуніктер мен олардың адвокаттары тағылған айыптармен неге үзілді-кесілді келіспей отыр? Ел басшысының резиденциясы орналасқан Қарасу көліне қатысты дау биліктегілердің есеп айырысуы ма?