Коронавирус Қазақстанға қайдан келді?

14 наурыз, 14:39

Фото: facebook.com

Іргелес жатқан Қытайдан тараған індет Қазақстанға неге келмеді деп жүріп, бір-ақ күнде бірнеше адамнан тауып, мыңнан астам адамды карантинге жатқыздық. 

Алматы, NEGE. Қазір желіде коронавирус жұқтырған Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев жиі талқыланып жатыр. Бейресми мәліметтерге қарағанда, Бәрпібаев жеке ұшақпен Германияға ұшқан. Жанында отбасы мүшелері, туыстары болыпты. 

Denis Krivosheyev Facebook парақшасына сот төрағасының қандай ұшақпен ұшқаны жайлы мәлімет жүктеді. K-Generation басқарушы компаниясына тиесілі Bombardier CL-600-2B19 Challenger 850 маркалы ұшақ Тілектес Бәрпібаевты Германияға жеткізген. 

Әріптесіміздің жазуына қарағанда, компания коммерциялық бағытта жұмыс жасамайды. Бұл жерде екі болжам бар – қызмет көрсету немесе қолма-қол ақша. 

Карантинге жатқызылған ұшқыштың бірі – Виктор Александров. Өте тәжірибелі маман. 

Бір қызығы Бәрпібаевтың ұшақта болған туыстарының бірде-бірі карантинделмепті. Бәрі де «үй қамауда» отырған көрінеді. 

Ашық ақпаратта жарияланған дерекке сүйенсек, төрағаны тасыған жеке ұшақпен ұшу сағатына шамамен 8-9 мың АҚШ доллар тұрады. Германияға бару-келу құны 93 500 доллар.

Осы жерде «қанша шенді вирус жұқтырмастан әрлі-берлі ұшып жүр екен» деген сұрақ еріксіз туады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации