ТШО-ның әлеуметтік салаға үлесі

07 сәуір, 15:50

Фото: tengizchevroil.com

«Теңізшевройл» ЖШС – Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші әрі жұмыс беруші. Мұнымен қоса, әлеуметтік бағыттағы жобаларды да қаржыландырып жүр.

1993 жылдан бері ТШО осындай бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға 2 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы бөлген.

«Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында жыл сайын Атырау облысында мектеп, аурухана салуға, қоғамдық орындардың инфрақұрылымын дамыту жобаларына 25 миллион АҚШ долларын жұмсайды. Індет тудырған қиындықтарға қарамастан 2020 жылы бірнеше жоба аяқталды, соның ішінде Атырау қаласындағы Тутұғыр ұлттық монументі, Атырау энергетика және құрылыс колледжіне арналған 100 орындық жатақхана және Доссор ауылында 280 орындық балабақша құрылысы, және Құлсарыдағы Құрсай өзенінің жағалауын жақсарту жобалары бар. Қазіргі уақытта Атырау облысында тағы 6 әлеуметтік инфрақұрылым нысанының құрылысы жүріп жатыр.

Компания 2020 жылы пандемияның қиын кезеңінде жергілікті халыққа көмек ретінде құны 4,5 миллиард теңгеден асатын қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, медициналық мекемелерге сыйға тартты.

Сондай-ақ, компания медициналық көліктер, пирометрлер, жылуға ден қойғыштар мен дезинфекция құралдарын, реанимациялық және жедел жәрдем машиналарын сатып алды. Тіпті, ТШО пандемия кезінде Қарағандыда қалып қойған Польша студенттерін елге қайтару үшін өз ұшағын берсе, Алматыдан Атырау облысына дәрі-дәрмек жеткізу үшін бірнеше рейс жасады.

2010 жылы басталған ТШО-ның Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) білім беру, экономикалық даму және денсаулық сақтау саласын қолдайтын әлеуметтік жобаларды іске асыруына  бағытталады. Соңғы он жыл ішінде 9,5 миллион АҚШ долларына 80 жоба жүзеге асырылды. 2020 жылы Атырау және Манғыстау облысында 18 әлеуметтік жобаға 2,2 миллион АҚШ долларын жұмсады.

Мәселен, Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы жыл бойына, Атырау және Маңғыстау облысы тұрғындарының игілігіне, тіпті пандемия басталғалы  бүкіл қазақстандықтардың денсаулығын қорғауда аянбай еңбек етті. Психотерапевттің қатысуымен мазасыздық, үрей шабуылы, депрессия мен суицидтік ойлары бар науқастарға арналған 186 онлайн-консультация ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, 2020 жылдың 288 күнінде бүкіл Қазақстаннан 5800-ден астам науқасқа онлайн-кеңес берілді.

Жылыой ауданы бойынша 300-ге жуық дәрігер, фельдшер, медбикелер коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар мен қорғаныс құралдарын алды.

Құлсары қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жетімділікті арттыру және орталық емхананың қосымша ғимаратында жұмыс істеу жағдайларын жақсарту мақсатында ғимаратты кондиционермен, кеңселер мен күту орындарына арналған жиһаздармен, айналармен және ас үй жабдықтарымен толықтырылды.

Сонымен қатар, емхананың барлық дәрігерлер, медбикелер және қоғамдық орындарында пайдаланатын пациенттердің қолданыстарына арналған 90 литр шамасында антисептикалық дезинфекциялаушы заттар жеткізілді.

Аудандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің құзыреттілігін арттырудың маңызы зор. Қауымдастық Жылыой  ауданында жиырма алты мыңға жуық адамға қызмет көрсететін жеті пилоттық топ (37 қызметкер) пен төрт отбасылық медицинаның резиденттеріне арнап, бір айлық клиникалық тәжірибе коучингін ұйымдастырды. Бұған қоса, COVID-19 терапиясында антикогулянттарды қолдану бойынша дәрігерлер 10 күндік арнайы курстан өтті.

Жалпы, 2020 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-ның қолдауымен жүзеге асырылған қауымдастық жобасы 75 мыңнан астам адамға пайдасын тигізді. Індет дес бермей тұрған тұста бұл – үлкен көмек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации