Шымкентте вакцина салатын бекет саны артты

07 сәуір, 10:39

Фото: ғаламтордан

 Бұған дейін қалада 26 екпе пункті болса, қазір 36-ға жеткен.

Шымкент, NEGE. Шаһарда 9 мың 598 адам ковидқа қарсы вакцина салдырған. Ерікті түрде екпе қабылдайтындар саны да күрт өскені байқалады. Мамандар сәуір айында қалаға тағы 32 мыңға жуық доза жеткізілетінін мәлімдеді. Қазір екпе салатын орындарда қандай да бір дүрбелең байқалмайды. Вакциналау жергілікті емханалардағы тіркеу бойынша тегін.

 Терапевт Гаухар Жамансариева: "Күніне шамамен 60-70 адам келеді. Вакцинациядан кейін, реакция болуы мүмкін. Дене температурасы көтеріліп, ОРВИ-дің жеңіл формасы өтуі мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде парацетамол ішеді. Науқас вакцинадан шыққаннан кейін 30 минут күту залында отырады. Отырған кезде реакция берсе, біз алғашқы көмек көрсетеміз", – деді. .

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации