Шымкент «қызыл» аймаққа кірді

03 мамыр, 11:42

Фото: google.com

Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

Алматы, NEGE. 3 мамырдағы мәлімет бойынша: «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Алматы облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации