Әлімхан Сыздықов олимпиада жолдамасына бақ сынайды

04 мамыр, 14:59

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Мамырдың 6 күні Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен әлемдік іріктеу турнирі басталады.

Алматы, NEGE. Бұл сынға Қазақстан құрамасының балуандары да бақ сынайды.

Софиядағы бәсеке Олимпиадаға жолдама беретін соңғы сайыс. Қазіргі таңда еліміздің балуандары дайындық жұмыстарын жүргізуде. Олардың арасында Шымкент қаласының спортшысы Әлімхан Сыздықов та бар.

Грек-рим күресінен аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов Олимпиада жолдамасы үшін бозкілемге шығады. Ә. Сыздықов таяуда ғана Алматыда өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Спорт шебері. Бірнеше дүркін ҚР чемпионатының жеңімпазы. Семей қаласында өткен Б.Тұрлыханов халықаралық турнирінің күміс жүлдегері.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации