Ұлттық арна Елбасы жайлы деректі фильм дайындады

27 қараша, 17:51

Фото: google.com

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі әзірленді.

Алматы, NEGE. Фильмде Елбасы облыс мәртебесіне ие болған Түркістан қаласының қайта жаңғыруы, тарихи шешімнің мәні мен маңызы, көне шаһардың туристік әлеуеті мен халықаралық аренадағы беделі, қаланың келешек жоспарлары туралы жан-жақты баяндайды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев телеарнаға берген сұхбатында Түркістанның Орталық Азиядағы және түркі әлеміндегі орны, «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасы, «Керуен-сарай» көпфункционалдық туристік кешенінің әлеуеті, қала аумағын көгалдандыру және Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жобаларының нәтижесі мен олардың азаматтардың әл-ауқатын жақсартудағы ықпалы туралы туралы айтады.

Деректі туынды «Qazaqstan» арнасынан 1 желтоқсан сағат 20:00-де эфирге шығады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации