Нұржан Әлтаевтың бұл кетісі қай кетіс?

02 желтоқсан, 19:06

Фото: ғаламтордан

Бұрынғы мәжілісмен Нұржан Әлтаев баспасөз мәслихатын өткізіп, «Нұр Отанның» қатарынан неге шығып қалғанын түсіндірді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Нұр Отан» партиясы басқа шешім қабылдай алмады, өйткені келіспеушілік болды. Қоғам қайраткері, ел азаматы ретінде келіспедім. Партиядағылар «Әлтаев партия тәртібін бұзды, сол себепті депутаттық қызметі тоқтатылды, партиядан шығарылды» дейді.

Партия тәртібіне құрметпен қараймын, алайда Қазақстан халқын да құрметтеймін. Халық көтерген проблемаларды көріп тұрып, «Нұр Отанның» жұмсақ креслосында үнсіз отыра алмаймын», – деді Әлтаев.

Оның айтуынша, депутаттық сауалдардың көпшілігі партиямен келісілмей жасала береді және оның сауалы солардың бірі. Бұған пандемия әсер еткен.

Әлтаев депутаттық сауал жолдап, Премьер-министрден Парламенке келіп есеп беруін талап еткен. Бұрынғы депутаттың сөзіне қарағанда, оның партия қатарынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылғанына осы жайт себеп болған.

Кейбір БАҚ-тың жазуына қарағанда, Нұржан Әлтаев – Түркістан облысының тумасы. Жасы 42-де, мамандығы заңгер. Бес баласы бар. Тхэквондодан қара белбеу иесі екен.

Алайда Әлтаевқа көпшілік күдікпен қарап отыр. Оның «партия құрам» дегеніне қарап, кейбір жұрт «осы билік тағы бір жалған оппозициялық партия құруды ойлап отырған жоқ па» деген күдігін айтып жүр.  

#нұротан #билік #әлтаев
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации