Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне алғыс айтты

07 сәуір, 17:49

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге ерен еңбегі үшін алғыс айтты.

Алматы, NEGE.  «Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы–адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті.Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, к/вирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр.

Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі–жалпыұлттық басымдық. 2020ж. бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5есеге көбейді. 2021ж.1 қаңт. бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін", – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации