Бұрынғы президент коронавирустан көз жұмды

03 желтоқсан, 10:14

Фото: ғаламтордан

Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен 94 жасында қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Europe1 радиосы хабарлауынша, д'Эстен коронавирустан көз жұмған. Қарт саясаткер қарашаның ортасында ауруханаға жатқызылған. 20 қарашада ол үйіне шыққан.

Дәрігерлер оның коронавирус жұқтырғанын бастапқыда анықтай алмағандықтан үйге шығарған.

Валери Жискар д'Эстен 1926 жылы Францияның немістер басып алған Кобленц өңірінде дүниеге келген. 

1974 жылы Помпиду қайтыс болғаннан кейін Жискар д'Эстен президент сайлауында жеңіске жетті. 1981 жылы ол президент сайлауында жеңіліп қалды. Содан кейін Франция академиясының мүшесі болды, Франция Конституциялық кеңесінің отырыстарына қатысты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации