Сәуір болмай, тәуір болмайды: Қар астындағы тіршілік (фоторепортаж)

10 сәуір, 09:13

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Биылғы көктемде үйде қамалып отыруға мәжбүрміз. Аты жаман індеттің беті қайтқанша солай істегеніміз дұрыс. Оған қоса екі күн жауған жаңбырдың арты қарға ұласып, жұртты әбігерге салды.

Қазақта «сәуiр болмай, тәуiр болмайды» деген сөз бар. Сәуірдің  «бесқонақ» амалы өтпейінше, мал бағатын қазақ күннің жылынғанына қарамастан жайлауға көшпеген. Өйткенi, «бесқонақ» кезiнде міндетті түрде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады.

Ертеде қазақ: «Отамалы – ойылған қыс, сәуiр – сәндi қыс, зауза-саратан, сенен де қорқам», - деген екен.

Тек сәуірдегі найзағай жарқылынан кейін ғана «қыс кетті» деп қуанатын болған.

 


 

 

 

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации