Марғұлан кетті, қытайлар келді... Апталық шолу І #29 news video

27 қыркүйек, 19:57

Негенің осы апталық шолуына таңдалған тақырыптар өте қызықты. Баннердегі суреттен байқаған шығарсыздар, «Марғұлан кетті, қытайлар келді» дедік.

Алматы, NEGE. Апта басында қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай желіге енді Украинада тұратыны жайлы жазба қалдырды. Оның Украина президентімен кездесуі желіде қызу талқыға да түсті. Отандасымыз «Зеленский маған адам ретінде қатты ұнады. Ашық, тартымды, сыпайы екен. Адамды өте мұқият тыңдайды. Елі үшін жаны қатты ашиды», – деп ағынан жарылды. Марғұлан Украинада не істемек, қандай жобаларға бастамашы болады? Толығырақ сайтымыздың «Саясат» айдарында.

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында салынып жатқан Дене шынықтыру және сауықтыру кешені құлап қалды. Нысанның құрылыс жұмысы 2019 жылы басталған. Биыл жыл соңына дейін аяқталуы тиіс еді. Жалпы құны 1 млрд 171 млн теңгеге жобаланған нысан неге құлады? Бұл жайлы тілшіміз дайындаған эксклюзив материалды сайтымыздан оқи аласыз.

Тұмшаланған қытайлар Алматыда НЕГЕ жүр? Әлеуметтік желіде Қытай азаматтарының Almaty қонақүйінің алдында лек-легімен тұрған суреті тарады. Суретті анықтап қарар болсақ, Қытай азаматтары адамның зәресін алардай киініп алған. Олар қытайлар ҚАзақстанға қандай мақсатпен келді және тұмшаланып вирустан қорғанатындай не болды? Бұл жайды тілшіміз зерттеп көрді. Жауабы сайтымызда.

Махмахановтар Рысбек Сәрсенбайұлына сес көрсетті. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылының тұрғыны Нұрлан Ахметовті 15 тамыз күні белгісіз біреулер өз үйінде пышақтап өлтіріп кетті. 20 тамызда Нұрлан Ахметовтің 40 күндік асы өтті. Қоғам белсенділері жиналып, Ахметовтың өліміне кінәлілерді тез арада табу керек деген талап-арыздарын билік өкілдеріне тағы да жеткізді.

Осы іске қатысты қоғам белсенділері арнайы комиссия құрған. Nege.kz тілшісі комиссия мүшесі, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлынан оқиғаның мән-жайын сұрап білді. Махмахановтар деген кім? Олар белгілі журналиске неге сес көрсетеді? Мінбер айдарындағы сұхбаттың толық нұсқасынан оқи аласыздар.

Nege.kz редакциясына түрлі органдардан езуіңе күлкі үйіретін қызық құжаттар жиі келіп тұрады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Д.Қоспабаев қол қойған мынадай бір құжат келді. Д.Қоспабаев аумақтық органдарға мынадай тапсырма береді: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша жұмысты күшейтуді; 3 тамыздан бастап аумақтық органдардың басшылары, орынбасарлары және бөлім басшылары жұмыс уақытында тұрақты негізде жұмыс орнында болуын қамтамасыз етуді; Жұмыс уақыты басталғанда ұялы телефондардың геолокациясымен бөлісу функциясы арқылы өздері орналасқан жері туралы мәліметтерді беруді тапсырамын (жұмыс уақытында аталған функция өшірілмеуі керек)». Тілшіміз «Атамқұлов «Штирлец» пе?» деп мәселені кеңінен тарқатып жазды...

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации