Карантин кезінде қамалғандар | #9 ШОЛУ news video

26 сәуір, 21:20

1. Карантин кезіндегі қамақ: «Жылымық» қайда?

Карантин кезінде бірқатар қоғам белсенділері мен журналистер бірінен соң бірі қамауға алынып жатыр. Олардың қатарында Арман Шораев, Ұлан Шәмшет, Әлнұр Ілияшев, Руслан Жанпейісов бар. Бірін «карантин режимін бұзды» десе, енді бірін «әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан» деп айыптады. Жуырда Марғұлан Сейсембай өзін қамауы мүмкін екенін мәлімдеді. Карантин кезінде оқыс тұтқындаулар жайында Nege.kz тілшісі саясаттың басы-қасында жүрген бірнеше адамның пікірін білді.

2. ДДҰ Трамптың айыптауларына жауап берді

Келер аптада коронавирусты жұқтырғандар саны 3 млн болады. АҚШ-та індетке шалдыққандар 1 млн-ға жетіп қалды. Президент Дональд Трамп бар кінәні ДДСҰ іздеп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус АҚШ президентінің айыптауларына жауап берді. «Ұйым таратқан бар мәліметтің шынайы әрі нақты екенін адамдар баста ескерген жоқ. Бізде ешқандай құпия жоқ» деді Тедрос Адханом.

3. "Удаленкада" отырғандар НЕГЕ кеңсені сағына бастады?

Карантин кезінде үйінен жұмыс істеп отырған қызметкерлердің 63,6 пайызы қайтадан кеңсеге оралғысы келеді. Nege.kz әлеуметтік сауал жүргізіп, оның бірнеше себебін анықтады. Осы орайда сіз де «үйде жұмыс істеу қаншалықты тиімді һәм тиімсіз» деген сауалнамаға коментариде үн қоса кетіңіз.

4. «Трамптың өзі коронавирустың келетініне сенбеді»

Nege.kz порталы бұған дейін Испания, Түркиядағы ахуалды қандастар арқылы жеткізген еді. Бұл жолы індеттің ошағына айналған АҚШ-тағы жағдайды Мичиган штаты университетінде білім алып жатқан журналист Жолдас Өрісбайдан сұрады. Ол АҚШ-тағы әлеуметтік қолдау жайлы сұраққа жауап берді. Сұхбатта одан өзге әлемдік экономика, бизнес, мәдениет және медицина тақырыбы сөз болады оқуды ұсынамын.

5. ДДСҰ: Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт жүреді

Әлем халықтарының көбінде төтенше жағдайды алып тастау керек деген біржақты ой айтыла бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасап, мемлекеттер шектеу шараларын жеңілдетсе, індет кеңінен таралып кетуі мүмкін екенін айтты. Әлеуметтік желілерде «Қазақстанда төтенше жағдайды мына мерзімге дейін ұзартуы мүмкін» деген түрлі қауөсет жүр. Алдағы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеуін жариялайды. Сонда бәрі айтылу керек, әліптің артын бағайық. Үйде отырайық! Құдайберген Арманыңыз орындалсын!

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации