"Қалаулым" жабыла ма?

27 наурыз, 23:23

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Фейсбук қолданушысы, кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа және депутаттарға арнап жазба жариялады. 

   Алматы, NEGE. Бұл пост халық қалаулылары және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа арналады. Мен өзім бір істі бастағаннан соң, орта жолда тастағанды ұнатпаймын. Осыдан 1 айға жуық уақыт бұрын "Қалаулым жабылсын" деген видео түсіріп, инстаграмға салған болатынмын. Халықта өз ойларын жазып, қолдап қалаулымды жабылуын сұраған болатын. Бірақ өкінішкн орай оған құлақ асар халық қалаулылары жоқ болып тұр.
⠀  Маған жекеме, көмекшіме жазып жатқандар көп. Аға, қалаулымды жабамын дегенсіз, жаба алмайтын болсаңыз бұл мәселені көтергеннен не пайда деп. Олардың (халықтың) көбісінің келтіретін уәжі, 600 000 мыңнан астам халық көрген видеоны неге халық қалаулылары, депутаттар көрмейді деген. Бұл сұрақ, бұл уәж мағанда қызық? Неге? Неге көрсе де, естімеген, көрмеген сыңай танытады.
⠀Енді осы видеодан нәтиже шықпаса менде халықтың айтқанымен жүремін, митингқа шығамыз. Біз кереметтей бір нәрсе сұрап отырғанымыз жоққой. Тек коммерциялық жоба, халыққа орасан зор зиян келтіріп жатқан, халықты улап жатқан, ата салт-дәстүрімізден, мәдениеттен айырып жатқан, тәрбиелік мәні жоқ жобаны жабуды сұрап жатырмыз.
     Депутаттардың ішінде әсіресе азулы, айтары бар Бекболат Тілеухан саған арнайы өтініш жасаймын. Сен осыны көріп жүрсің, осы жағдайды нақты билікке жеткізіп, талап ете алатын бірден-бір азамат өзіңсің. Осы "халық қаласа, хан түйесін сояды" деген ғой. Біз түйе сой деп жатқан жоқпыз. Тек осы түкке пайдасы жоқ "Қалаулым" бағдарламасы жабылсын деген заң шығарсаңыздар жеткілікті. Сіздерге айтар уәжіміз осы. Осы "Қалаулымды" бәріміз бірге ел, халық болып жабайық

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации