Диванда жатып-ақ әлемді құтқаруға болады (карикатура)

07 сәуір, 18:05

Фото: Ғалым Смағұлұлы

Карантинде шалқадан жатып, әлемді құтқаруға болады екен ғой. Мұны қайдан білейік?!

Бұл әсіресе, бұрыннан батырлығын диванда жатып көрсететін кейбір ер азаматтарға жақсы сылтау болған жоқ па? "Неге жатырсың?!" десе, "Карантин ғой!" деп жауап беріп, жамбасы жара болғанша жата береді. Бәрінен де дәл осы қысылтаяң шақ әлгіндей "батырларға" жақсы болды. Ертең карантин бітсе, олардың "Диванда жатып-ақ әлемді құтқаруға болады екен ғой!" дейтініне де күмән жоқ. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации