Берік Уәли: "Қалаулым" жайында халықтың пікірі ескеріледі

27 наурыз, 23:35

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Фейсбук желісін қолданушысы Ахметбек Нұрсила "Қалаулым" жобасының жабылуын сұрап, Ақпарат және қоғамдық даму минстрі Дәурен Абаев пен депутаттарға өтініш білдірді. Осы жазбаға орай ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді. 

Алматы, NEGE. "Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр.

Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады", - деді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации