Жеңілген елдің бүгінгі бейнесі (фоторепортаж)

09 мамыр, 18:27

Фото: автор

Немістер Кеңес әскерлерінің Рейхстагты алуға неге соншалықты зор мән-мағына бергенін түсінбейді. Олардың ойынша, Рейхстаг – Гитлердің кеңсесі емес, халық өкілдері бас қосып, кеңесетін ғимарат. Фашизм дегенді де түсінбейді. Фашизм Италияда болған деп қысқа қайырады. Гитлер құрған режимді национал-социализм деп атайды. Неміс халқы национал-социализмді айыптайды. 9 мамырды (оларша 8 мамыр) осы режимнен құтылған күн деп біледі. Немістер үшін бұл күн – Дрезден секілді сәулетімен әлемді тамсандырған таңғажайып қалаларды тып-типыл етіп жойған соғыс нәубеті аяқталған, алапат қан-төгіс тоқтаған күн.

Бүгінгі Германия – Еуропа одағының қара нары. Экономикалық тұрғыдан қуатты, демократиялық, дамыған ел. Халқы бақуатты тұрады. Екі дүниежүзілік соғыста қайта-қайта күл болып қирағанымен, әлемді таңғалдырып, қысқа уақыт ішінде қайта түлеп, гүлдене білген. Мұның бәрі үнемшіл, еңбекқор, ғылым-білімге, озық технологияға, жаңашылдыққа құмар неміс халқының арқасы.

Рейхстаг күмбезі

Бұл 1945 жылы қираған Рейхстаг күмбезі әйнекпен жаңғыртылған. Рейхстаг – неміс парламенті. Ғимарат бірнеше мәрте күрделі жөндеуден өткен. Құрылысшылар гипсокортондар бұзған кезде Кеңес әскерлерінің Рейхстаг алынғаннан кейінгі жазулары шыққан. Немістер ғимараттың сәулетін бұзып тұрған шимай-шатпақтарды әдейі өшірмеген. "Бұл – біздің тарихымыз. Тарихымыз көз алдымызда тұрсын", – деп сақтап қойған. Жеңіліс неміс халқының ұлттық санасына үлкен жара салған.

Кеңес әскерінің "қолтаңбасы"

Немістер Кеңес әскерлерінің Рейхстагты алуға неге соншалықты зор мән-мағына бергенін түсінбейді. Олардың ойынша, Рейхстаг – Гитлердің кеңсесі емес, халық өкілдері бас қосып, кеңесетін ғимарат. Фашизм дегенді де түсінбейді. Фашизм Италияда болған деп қысқа қайырады. Гитлер құрған режимді национал-социализм деп атайды. Неміс халқы национал-социализмді айыптайды. 9 мамырды (оларша 8 мамыр) осы режимнен құтылған күн деп біледі. Немістер үшін бұл күн – Дрезден секілді сәулетімен әлемді тамсандырған таңғажайып қалаларды тып-типыл етіп жойған соғыс нәубеті аяқталған, алапат қан-төгіс тоқтаған күн.

Рейхстаг

Рейхстагтың – қазіргі көрінісі. Халық қалаулылары осында отырады. Ел жағдайын талқылайды. Кез келген адам ғимарат ішіне кіріп, заңдардың қалай талқыланып, қабылданып жатқанын тамашалай алады. Тек театрға барғандай билет алсаңыз болғаны. Билет бағасы тым қымбат емес.

Бранденбург қақпасы. Үшінші рейхтің парадтары көбіне осы жерде өткен.

Темір перде осы жерде түсірілген. Әлемге әйгілі Берлин қабырғасы.

1945 жылы бомба түскен вокзалдың қирандысы. Қалпына келтіруге немістер ақша таппай қалған жоқ. Соғыстың зардабын келер ұрпақ ұмытпасын деп әдейі қалдырған.

Берлин қабырғасының орнына осындай түрлі-түсті белгі орнатылған. Немістер мұнымен екі мақсатты көздейді: бірі – тарихты қастерлеу, екіншісі – туристер тарту.

Кеңес бомбасынан өртеніп кеткен шіркеу. Қаз қалпында сақталған.

Бір ұлтты екіге бөлген қабырғаның орнына темірден осындай белгі қалдырылған.

Ұлы жеңістен кейінгі шекара. Сол жақта - кеңес секторы, оң жақта – АҚШ секторы. Бүгінде туристер арадай құжынаған орынға айналған.

Еуропадағы ең алғашқы пайда болған бағдаршам. Бірнеше ғасырдан әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.

Соғыстан аман қалған аз мүсіннің бірі.

Берлинде жаңа бой көтеріп жатқан заманауи ғимараттар.

Берлин көшелерінің бірі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации