Жеңімпаздар анықталды

20 ақпан, 14:01

Фото: inform.kz

Түркістанда өткен «Арай» өнер байқауының жеңімпаздары анықталды.

Алматы, NEGE. Байқаудың қортындысы бойынша бас жүлде Аплатон Рақымжанға бұйырды. «Алтын жұлдыз» дуэті жүлделі бірінші орынды иеленді. Ал, Жайна Әпсаттар екінші орыннан көрінсе, Ардақ Ысқақова мен Сәтдәулет Сүлейменов үшінші орын иегері атанды.

Ал, мәдени іс-шара жүргізушілерінің сайысында бас жүлдені Инабат Абытханқызы иеленді. Нұрайым Төлебек жүлделі бірінші орынды,  Жасмина Анарбек екінші, Дастан Әлжанов пен Нүркен Абрахман үшінші орынды қанағат тұтты.

Облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі» - Мамырхан Жұбатовқа, «Көзімнің қарасы» номинациясы - Ернұр Әлібекке, «Көрермен көзайымы» номинациясы – «Ugai» тобына, «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» - Айжан Пірімжарға табыс етілді.

Одан бөлек, іс-шара жүргізушілері арасынан облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі» - Абзал Құралбаевқа, «Өлең сөздің патшасы» номинациясы - Алтынай Шырынханға, «Көрермен көзайымы» номинациясы - Нұрсұлтан Отарға табысталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации