Жазира Байырбекова: той тойлайтын күнге де жетеміз

16 наурыз, 13:40

Фото: instagram.com

Әнші Жазира Байырбекова бір айға жарияланған төтенше жағдайға қатысты пікірін білдірді. Той-томалақты уақытша тоқтатуға наразылық танытқан мерейтой иелеріне жауап берді. Өнер иесі үкімет қабылдаған шешімді дұрыс деп есептеп, кез келген мерекелік жиынды кейінге қалдыруға шақырды.

Алматы, NEGE. «Кинотеарларды жапқаны үшін,той жасауға тыйым салғаны үшін,ойын сауықтарды тоқтатқаны үшін билікке өкпелеу орынсыз деп санаймын. Бәріміз тәртіпке бағынып,осы індетті жоюға атсалысайық. Әрине күнделікті тамағын күнде тауып жүрген жандарға бұл оқиға оңай соқпайтыны рас. Бірақ, мұның бәрі халықтың амандығы үшін жасалып жатқанын түсінейік. Барлық ауыртпалық артта қалып,той тойлайтын күнге де жетеміз Аллам қаласа!», - деп үндеу жариялады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации