Жас өнерпаздар республикалық байқауда бақ сынады

02 наурыз, 16:20

Фото: google.com

Еліміздің жас өнерпаздары Ақтөбеде өткен «Ұлы дала мұрасы» атты республикалық байқауда бақ сынады.

Алматы, NEGE. Дәстүрлі түрде өтетін сайыс бұл жолы ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Әр аймақтан келген 8 бен 16 жас аралығындағы дарын иелері екі номинация бойынша сынға түсті. Олар ұлттық аспаптарда ән орындап, ансамбль, оркестр құрамаларында өнер көрсетті. Осымен бесінші рет өткізілген байқауға 300-ге жуық үміткер қатысты. Домбыра, қылқобыз және жетігенде ойнаған қатысушылар қазылар алқасы мен көрермендердің назарын аударды.

Сайыстың нәтижесі бойынша, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өнерпаздары үздіктердің қатарынан көрініп, сый-сияпатқа ие болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации