«Жас Абай» спектаклінің тұсаукесері өтті

06 наурыз, 15:30

Фото: google.com

Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Жас Абай» спектаклінің тұсаукесері өтті. Қойылымда «Абай жолы» эпопеясының 1-томы суреттеледі.

Алматы, NEGE. Сахна саңлақтары премьераға бір ай дайындалған. Актерлер бала Абайдың ел билеу ісіне араласу, қалыптасу кезеңін шебер ойнап шықты. Қоюшы режиссер Нұрлан Жұманиязовтың бастамасымен сахналанған қойылымда Абайдың алғаш рет ел билігіне араласуы, азамат болып қалыптасу кезеңі суреттеледі. Сондай-ақ Құнанбай мен Бөжейдің тартысы, одан туған дау-дамайға қатысты бала Абайдың өрелі сөз айтуы баяндалады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации