Ван Гогтың картинасы ұрланды

31 наурыз, 12:07

Фото: facebook.com

Әлемдік мәдениетте жоғары бағаланатын қылқалам шебері Винсент Ван Гогтың «Көктемгі бақ, Нюэнендегі пасторлық бақ көктемде» аталатын картинасы ұрланды.

Алматы, NEGE. Атақты картина Нидерландтың солтүстігіндегі Ларен қаласында орналасқан «Сингер Ларен» музейінде сақталып келген. 1884 жазылған туынды Гронинген музейінен жалға алынған екен.

Әзірге белгілісі ұрлық таңғы сағат 03:15-те болған. Ұрылар ғимаратқа есіктің әйнегін сындырып кірген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации