Үздік туындылар анықталды

17 наурыз, 18:00

Фото: google.com

Музыкалық «iТunes KZ» чартының үздік әні анықталды. JONY мен Andro-ның «Мадам» туындысы көш бастап тұр.

Алматы, NEGE. Ресейлік қос музыканттың су жаңа композициясы екі апта бұрын тыңдарманға ұсынылды. Көптің көңілінен шыққан «Мадам» әні ТМД елдерінің музыкалық платформасында да топ жарды. Айта кетейік, JONY мен Andro былтыр ғаламтор арқылы жастар арасында кеңінен танылған еді.

Ирина Кайратовнаның «Көке» трегі «iТunes»-тің екінші сатысында тұр. Өнерпаздар аталмыш туындыны Hiro, De Lacure және Zheka Fatbelly-мен бірігіп орындаған еді. Ирина Кайратовна бұл әнге бейнебаян да таспалап үлгерген. Әнбаянды  әлеуметтік желі арқылы 1 миллионнан астам көрермен тамашалаған.

Ресейге танылған отандасымыз Скриптонит болса, «Москва любит» әнімен үштікті түйіндеді. Бір ай бұрын жарық көрген трек әлі күнге дейін үздіктер қатарынан көрініп келеді. Рэпердің Мәскеу туралы шырқаған әні, тыңдармандардың көңілінен шықты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации