Түсірілім тобы 100 литр қанды неге Лондоннан алдырған?

10 наурыз, 14:40

Фото: google.com

Қазақ киносының қоржыны тағы бір тарихи драмамен толықты

Алматы, NEGE. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ жерін жаудан қорғап, халықтың ауыз бірлігін сақтау үшін күрескен тарихи тұлғалар – Қарасай, Ағынтай, Мерген батырлардың ерлігін дәріптейтін кинотуындыны киносүйер қауым енді 12 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көре алады.

Актер Назар Шархан «Батырлар» фильмінде Қарасай батырдың жастық шағын ойнайды. Қазақ жерінің тұтастығын сақтау үшін жауға қасқайып қарсы тұра білген жас батырдың бейнесін сәтті сомдау үшін актер арнайы дайындықтан өткен. Одан бөлек, актерлерге сол дәуірдің ерекшеліктеріне сай грим жасау да оңай болмаған. Мәселен, Қарасай батырдың әкесінің рөлін ойнаған Ержан Нұрымбетке грим салу үшін бет әрлеушілер біраз еңбектеніпті. Ал қырғын соғыс сахнасына қажетті 100 литр жасанды қанды Лондоннан арнайы тапсырыспен алдырған.

Айта кетейік, «Батырлар» фильмі режиссер Асқар Ұзабаевтың тарихи тақырыптағы алғашқы жұмысы. Бұған дейін комедия жанрындағы картиналарды түсірген ол тарихи туындыға тың көзқарас, көп ізденіс қажет болды дейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации