Түркістанда «Арай-2020» байқауы басталды

19 ақпан, 11:20

Фото:

Түркістанда дәстүрлі «Арай-2020» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы басталды.

Алматы, NEGE. 1995 жылдан бастап дәстүрлі түрде өтетін шара биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Ондағы мақсат - ақын шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау. Сайыстың деңгейін халықаралық және республикалық байқаудың жеңімпазы атанған төрешілер бағалады.

Айта кетейік, облыстық мәдениет басқармасымен бекіткен байқау қағидасына сәйкес 3-5 ақпан аралығында облыс аумағындағы аудан, қалаларында өткізілген іріктеу кезеңіне 294 үміткер қатысып, 38 үміткер соңғы кезеңге жолдама алды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации