«Троя» фильміндегі актер қайтыс болды

20 ақпан, 10:07

Фото: ғаламтордан

Британдық театр және кино актері Джон Шрэпнель 78 жасында өмірден өтті. Ол ұзақ жылдан бері онкологиялық аурумен күресіп келе жатқан.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Evening Standard басылымы хабарлады.

Көптеген өнер қайраткерлері мен белгілі әртістер Шрэпнел отбасына көңіл айтқан. Оның ішінде Ұлттық театр труппасының мүшелері мен Royal Shakespeare Company театр компаниясының өкілдері де бар.

«Керемет актер еді,  Джон Шрэпнельдің қайтыс болғаны туралы хабар бізді есеңгіретіп тастады. Ол Ұлттық театрдың көптеген қойылымдарында, соның ішінде «Федраның» алғашқы қойылымында ойнады», - деп жазылған театрдың Twitter-дегі парақшасында.

Шрэпнель көптеген фильмдерде ойнады. Әсіресе «Гладиатор», «Троя», «К-19», «Ноттинг Хилл» және «Алтын ғасыр» сияқты фильмдердегі рөлдерімен әлемге танымал болды. Сондай-ақ, актер «Ағылшынша адам өлтіру», «Оныншы патшалық», «Мерлин», «Фойль соғысы», «Джонатан Крик» т.б. сериалдарда да ойнаған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации