Төтенше жағдайға қарамастан жаңа фильмнің тұсауы кесілді

27 наурыз, 22:42

Фото:

Лос-Анджелесте «Stargirl» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. «Disney» студиясы мен «DC Comics» бірігіп ұсынған лентаны алғаш болып тамашалау үшін киносүйер қауым жиналған
Актриса әрі әнші Грейс Вандервол бұл шараның құрметті қонағы саналды. Себебі ол жаңа фантастикалық фильмде басты рөлдің бірін сомдады. Айта кетейік, актриса 12 жасында «America’s Got Talent» шоуының жеңімпазы атанып, танылған еді.
Грейс Вандервол, актриса: Бұл фильм өмірде өз орнын таба алмай жүрген жандарға арналған деп айтар едім. Жас көрермендер үшін берер пайдасы зор. Менің кейіпкерім өмірде өз орнын табу үшін күреседі.

«Батыр қыздың оқиғасын баяндайтын лентанының тұсаукесерін тағатсыздана тостық», - дейді жоба ұйымдастырушылары. Түсірілім тобы қаһарман жайлы туынды көпті қызықтыра алатынына сенімді.
Грэм Верчер, актер: Мен үшін бүгін ерекше күн. Қатты қобалжып тұрғанымды көріп тұрған шығарсыздар. Біздің қуанышымызды ортақтасу үшін осыншама адам келеді деп ойлаған жоқпын. Енді көрермен фильмге өз бағасын берсе екен деймін.
Ал «Жұлдызды ару» лентасы мектеп оқушыларының бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Футбол ойыны кезінде бас кейіпкер суперқаһармандық күшке ие екені анықталады. Кейіннен «Stargirl» өзінің бұл қасиетін бұзақылармен күресу үшін қолданады. Лентаның сюжетіне америкалық жазушы Джерри Спинеллидің кітабы негіз болған.
Фантастикалық лента, кинотеатрларда наурыз айында жарық көруі тиіс еді. Алайда індеттің кесірінен, фильмнің көрсетілімі кейінге шегерілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации