«Томирис» фильмі Түркия елінде кең прокатқа шығады

18 ақпан, 18:00

Фото: instagram.com

20 ақпан мен 1 наурыз аралығында «Томирис» фильмi 70-шi Берлин халықаралық фестивалi аясында өтетін Еуропа кинонарығында назарға ұсынылады. Бұл туралы Sataifilm instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE. «Туынды халықаралық көрермендердің талғамына сай келетініне және де әлемнiң кез келген жерiнде прокатқа ұсыныла алатын, мықты коммерциялық жоба ретiнде байерлардың назарын аударатынына үмiттенемiз. Бiздiң Arclight Films халықаралық дистрибьюторымызға осындай жемісті серіктестік пен фильмдi кинонарыққа ұсынғаны үшiн алғысымызды бiлдiремiз» - делінген хабарламада.

Одан бөлек, «Томирис» фильмі 10-шы сәуірден бастап Түркия елінде кең прокатқа шығады.  ⠀

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации